Private company
Kezbi
Kezbi is a Kazakh company founded in 1992.1
Кезби - Ақтау қаласында ұңғымалар бұрғылаумен, мұнай ұңғымаларын күрделі жөндеумен, мұнай мен газды өндірумен, өңдеумен және сатумен айналысатын жауапкершілігі шектеулі серіктестік. 1992 жылы шағын жеке кәсіпорын ретінде құрылды. Меншік түрі - жеке. Маңғыстау облысының Қарақия ауданы жеріндегі Каменистый кенорында (басқа да блоктарда) барлау жүргізуге рұқсат берілген. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік 1992-1997 ж. "Казпромставба" бірлескен кәсіпорнының мұнай ұңғымаларын бұрғылау жөніндегі мердігер болып жұмыс атқарды. 1997 ж. бері Қаламқас кәсіпшілігінде ұңғымалардың жерасты жөндеуін өткізіп келеді. 1997 ж. қазан айынан бері "Кезби" серіктестігінің құрылтайшысы "Англо-Каспий мұнай" компаниясы болып отыр.2 From the kk Wikipedia, CC BY-SA 4.0
Last updated Oct 21, 2026.
Sources
The numbers on this page point here. Each one links to the record it came from.
- 1WikidataKezbi on Wikidata
- 2WikipediaKezbi on the kk Wikipedia