Private company
Рауан
Рауан is a Kazakh industrial manufacturing company based in Karatau, founded in 1991.1
«Рауан» – жеңіл өнеркәсіп кәсіпорны, ЖШС 1991 жылы құрылған, Қаратау қаласында орналасқан. Қызметінің негізгі бағыты – елтірі шикізатын сатып алу, оны өңдеп, тон, қолғап, т. б. былғары бұйымдар тігу. Кәсіпорын өнімдері Қазақстан мен Ресей қалаларына шығарылады. 1999 жылдан бұл серіктестік «Көктал» минералдық суын шығарады, ол Астана, Алматы, Атырау, Павлодар, т. б. қалаларда сатылады. Су шығаратын цехтың өнімділігі – сағатына 1000 бөтелке. Кәсіпорынның қосалқы шаруашылығы бар, онда терісі үшін қойдың меринос тұқымы, құндыз өсіріледі.2 From the kk Wikipedia, CC BY-SA 4.0
Last updated Oct 21, 2026.
Sources
The numbers on this page point here. Each one links to the record it came from.
- 1WikidataРауан on Wikidata
- 2WikipediaРауан on the kk Wikipedia